Қазалы аудандық соты мен аудандық ішкі саясат бөлімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазалы аудандық соты, Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ.Темірбаевпен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аудандық соттың жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасау мақсатында сот жүйесіндегі жариялық пен ашықтықты қамтамасыз ету, БАҚ-пен өзара ынтымақтастықты нығайту, брифингтерді ұдайы өткізіп отыру және оларды жұршылыққа жариялауды қамтамасыз етуді көздейді.

Өз кезегінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Темірбаев Меморандум шеңберінде тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді. 

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі