Қайталап ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Р. қоғамдық орында, яғни автобекет жанында балағат сөздер айтып, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған, сөйтіп, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде, қайтадан ұсақ бұзақылық сипатындағы құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушының ұсақ бұзақылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі