Қармақшы аудандық сотында Қазалы, Арал аудандық және Байқоныр қалалық соттарының судьялары арасында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен семинар сабағы өтті.

Семинар жұмысына Қармақшы аудандық соты төрағасының м.а. Лаура Алибекова, судья Ермек Құтыбаев, Арал аудандық сотының төрағасы Ермек Турбаев, судьялары Нұржан Бекетаев, Дидар Мұратбекұлы, Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Мұрат Тұрғанбаев, судьясы Елена Шевцова, Қазалы аудандық сотының судьялары Гүлнар Тиштықбаева, Мұрат Оспанов қатысты.

Қармақшы аудандық соты төрағасының м.а. Л.Алибекова семинар сабағын ашық деп жариялап, күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді айтып өтті.

Семинар барысында судьялар Н.Бекетаев пен Е.Құтыбаев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 31 наурыз 2017 жылғы №1 «Соттардың атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманың кейбір нормаларын қолдану туралы» Нормативтік қаулысы мен жеке айыптау істерін қарау тәртіптері бойынша кеңінен тоқталды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша қозғалған  істерді қарау тәжірибесін судья Е.Шевцова айтып берді.

Семинарға қатысушылар іс-шара соңында баяндамаларды талқылап, тиісті ұсыныстар жасады.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі