Қармақшы аудандық соты мен Коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Қармақшы аудандық архиві» өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ербол Мәтжанов пен «Қармақшы аудандық архив» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Қуанышбек Досниязов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсіміне сот қызметкерлері, архив мамандары қатысты.

Меморандум ұлттық архив қоры құжаттарын және басқа да архив құжаттарын жинақтау, уақытша сақтау және пайдалану мақсатында ведомстволық немесе жеке архивтер құру, ғылыми-техникалық құжаттама, дыбыс-бейне жазу құжаттамасы, тарихи деректемелермен алмасу, сондай-ақ архив құжаттарынан көшірмелер жасауға мүмкіндік беру, құжаттардың құндылығын сараптау, ғылыми-техникалық өңдеу жұмыстарын жүргізуде әдістемелік-практикалық көмек көрсету, құжаттарды сақтаудың жай-күйіне аса мән беріп, архивке өткізудің заңдылығын меңгеру және ынтымақтастық аясында түрлі іс-шаралар өткізіп отыруды көздейді.

Шараға қатысушыларда Меморандум шеңберінде жасалатын өзара ынтымақтастық нәтижесіне сенімдерін білдірді.

Тараптар өзара ынтымақтастыққа әзір екендіктерін білдіріп, алдағы атқарылуға тиіс мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға тиісті шаралар қабылдайтындықтарын айтты.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі