Қармақшы аудандық соты 2017 жылдың 9 айында атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Алибекова Лаураның жүргізуімен, «Қармақшы таңы»  газетінің өкілдерінің қатысуымен аудандық соттың 2017 жылдың 9 айында сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы баспасөз конференциясы өтті.

Қармақшы аудандық сотына 2017 жылдың 9 айында 73 қылмыстық іс 89 адамға қатысты түскен, өткен 2016 жылдан қалдық болып 3 іс  қалған.Есепті кезеңде 74 қылмыстық іс 89 адамға қатысты қаралған, 2 қылмыстық іс келесі тоқсанға қалдықта қалған.Қаралған қылмыстық істердің ішінде 36 адамға қатысты 32 іс бойынша үкім шығарылған және 1 іс соттылықпен жолданса, 6 іс прокурорға кері қайтарылған. Статистикалық мәліметтер бойынша 2017 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 адамға қатысты 2 қылмыстық іс, есірткіге қатысты 18 қылмыстық іс 16 адамға қатысты қаралған. 21 қылмыстық іс медиациялық тәртіппен аяқталған. 

Азаматтық істер бойынша аудандық сотқа  2017 жылдың 9 айында 499 талап арыз іс түскен, ал былтырғы жылдан қалдық болып 26 іс қалған. Барлығы 507 азаматтық іс аяқталған, оның  ішінде 379 іс бойынша шешім қабылданып, 71 іс бойынша сот бұйрығы шығарылып, 33 іс бойынша талап арыздар қараусыз қалдырылған. Медиациялық тәртіпте 23 іс, ал   партисипативтік тәртіпте  1 азаматтық іс қаралған. 

Есептік кезеңде аудандық сотқа  377 әкімшілік іс түскен, былтырғы жылдан қалдықта істер қалмаған. Түскен әкімшілік істердің  ішінде 332 іс бойынша 274 адамға әкімшілік жаза қолдану жөнінде қаулы қабылданса,  58 іс өндірістен тоқтатылған, 45 іс біріктірілген.

Әкімшілік  жаза  қолдану  аясына  келетін болсақ: 130 адамға әкімшілік айыппұл салынған, 13 адамға ескерту берілген, 71 адамға әкімшілік қамақ, 37 адамға арнайы көлік құралын жүргізу құқығынан айыру және 23 адамға қатысты Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу жазалары қолданылған. 

Қармақшы аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Л.Алибекова «Сот кабинеті» жүйесі арқылы азаматтардың талап арыздарын электронды түрде берулері жайлы тоқталып өтіп, БАҚ өкілдері қызықтырған бірқатар сұрақтарға жауап беріп, баспасөз конференциясына қатысқан  журналистерге алғысын білдірді.  

Қайнар: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі