Есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы Ж-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Ж. Байқоңыр қаласы аймағындағы Сырдария өзеніне баратын жол бойында өсіп тұрған бір түп жабайы сора өсімдігін жұлып алып, заңсыз иемденіп, темір бетон астына тығып сақтаған. Содан кейін, есірткі затының бір бөлігін шегу арқылы қолданып, қалған жалпы салмағы 21,88 грамм болатын кептірілген марихуана есірткі затын, шалбарының қалтасына салып, өткізу мақсатынсыз өзімен бірге заңсыз сақтаған. Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің полиция қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында сотталушы Ж. тоқтатылып, жеке тексеру кезінде одан есірткі заты кептірілген марихуана анықталды.

Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.    

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі