Азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның несие қарызы мен баж алымын өндіру туралы азаматтық ісін оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Талап арызға сай жауапкерге келісім шарт бойынша 20 ай мерзімге несие  берілген, бірақ жауапкер уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Осыған байланысты талап қоюшы жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.

Сот жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға жауапкерден пікір немесе қарсылық сотқа түскен жоқ.

ҚР АПК-нің 146-бабының 5-бөлігіне сай, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Қармақшы аудандық соты талап қоюшы «Еуразиялық банк» АҚ-ның талап арызын толықтай қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына жалпы сома 405 994  теңге несие қарызын және 12 957 теңге мемлекет баж өндіру туралы шешім шығарды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі