Арал аудандық сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатында сот төрағасы Е.Тұрбаев 2017 жылдың 9 айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Өз сөзінде Е.Тұрбаев аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 1914 іс қаралғанын, оның ішінде 102 қылмыстық іс, 872 азаматтық іс және 940 әкімшілік істер екенін, қылмыстық істер бойынша жалпы қаралған істердің басым көпшілігін Қылмыстық Кодексінің 188 бабында көзделген ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру қылмыстары, ҚК-нің 296 бабында көзделген есірткі, психотроптық заттармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу қылмыстары құрайтынын, ал азаматтық істер бойынша қаралған талап арыздардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті. Бұдан соң сот төрағасы медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен қаралған істерге және «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен арыздарға тоқталды.

Сот төрағасы сондай-ақ, сот жүйесіндегі жаңа жобалар жөнінде, оның ішінде медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен іске қосылған даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу туралы пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері, тез және сапалы түрде мәліметтер алмасуға мүмкіндік туғызып отырған «Төрелік» ақпараттық жүйесі туралы, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жөніндегі ақпараттармен бөлісті.

БАҚ өкілдері төрағаға сауалдар қойып, нақты жауаптарын алды.

Шара соңында сот төрағасы Е.Тұрбаев БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатына қатысқандары үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі