Ағасын балағаттағаны үшін 5 тәулікке қамалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Байқоңыр қалалық сотында құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық  бұзушы  А.  бұдан бұрын Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушулыққа тартылып, бір жыл ішінде екі рет қайталап, Төретам кентінде орналасқан өз үйінде, мас халде ағасы Ж.-ға былапыт сөйлеп, сыйламаушылық көрсетіп, отбасының тыныштығын бұзған.

Байқоңыр қалалық сотының қаулысымен құқық  бұзушы А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік әкімшілік қамауға алу жазасы  тағайындалды

Қаулы заңды күшіне енбеген.      

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар