Жалағаш аудандық сотында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура, мемлекеттік органдар өкілдері және сот ұжымы қатысты. 

Шара барысында Жалағаш аудандық сотының судьясы Т.Темірбаев 2014 жылдың 24 қарашасынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот төрелігін іске асыруды одан әрі жеңілдету, төрешілдік рәсімдерді азайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңды күшіне енгендігі туралы айтты. Сонымен қатар, аталған заңмен азаматтық іс жүргізу, қылмыстық процестік, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және өзге де заң нормаларына өзгерістер мен толықтарулар енгізілгендігін жеткізді.

Соның ішінде, соттардың ақпараттық технологияларды қолдану аясында дыбыс және бейнежазба түріндегі сот отырысын хаттамалау, арыз, шағым, өтініш беру, қашықтықтан бейнебайланыс арқылы дәлелдемелерді зерттеу, сот құжаттарын электронды нұсқа түрінде алу және тағы өзге де қызметі кеңінен қаралған.

Осы заңмен сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы қадағалау шағымды беру кезінде алынатын мемлекеттік баж мөлшері енгізілген.

Сонымен бірге, ҚР АПК-нің 59-бабының жаңа редакциясына сәйкес, іске қатысатын тұлғалардың өтінуімен сот рұқсат еткен, жоғары заңгерлік білімі бар басқа да адамдар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады. Сотта өкілдік ету үшін аталған тұлғалар сотқа жоғары заң білімі бар құжатын ұсынуы тиіс.  

Қайнар: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі