Заманауи ақпараттық технологиялары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотының баспасөз-хатшысы М.Асан жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Іс-шарада М.Асан заманауи цифрлық электронды технологиялардың бүгінде еліміздегі қоғам өмірінің барлық саласында кездесетінін, электронды технологияларды сот жүйесіне кеңінен енгізу бүгінгі таңда қарқынды, мақсатына сай және тиімді түрде жүргізілуде екендігін, сот жүйесін және сот талқылауларын модернизациялау қарқын алып келетінін атап көрсетті.

Сот жүйесінде интернет ресурс, «Төрелік» жүйесі сынды, алдыңғы қатарлы ақпараттық технологиялар жүйесі жұмыс жасап тұр. Аталмыш жүйені енгізудегі негізгі мақсат, азаматтарға, іске қатысушы тұлғаларға қажетті барлық мәліметтерді уақытылы әрі дәл алуға, сот шешімдерімен, қаулыларымен, ұйғарымдарымен және басқа да актілермен танысуға мүмкіндік туғызу болып табылады. Сонымен қатар, «Сот кабинеті» электронды сервисі электрондық ықпалдастық негізінде де сот өндірісін оңтайландыруға бағытталған.

Бұдан соң баспасөз-хатшысы «Сот кабинеті» сервисі арқылы аудандық сотқа түскен электрондық арыздар мен іс саны туралы ақпаратпен бөлісіп, аталмыш жүйені қолдану материалдық шығындарды азайтуға және тек сот процесіне қатысушылардың ғана емес, сондай-ақ, соттың да уақытын үнемдеуге мүмкіндік туғызып отырғанын айтып өтті.

Шара соңында аудандық сотының баспасөз-хатшысы М.Асан журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Қайнар: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі