Сырдария аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында медиация институтын дамыту және жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны енгізу аясында дөңгелек үстел өткізілді.  

Іс-шараға аудандық прокуратура және жергілікті полиция қызметінің өкілдері, адвокаттар, кәсіби емес медиаторлар және БАҚ өкілдері қатысты.

Аудандық сот төрағасы А.Абдулла шараны ашып, пилоттық жобаның мақсаты жеке санаттағы істер бойынша  азаматтық іс жүргізуге міндетті медиация институтын қолдануды енгізу болып табылатындығын жеткізді. Аталмыш жобада бітімгершілік рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, сот шығындарын азайту, халықтың дауды соттан тыс реттеу мүдделілігін анықтау міндеттері қойылған. Сонымен бірге, жоба дауларды сотқа дейінгі шешуге бағытталып, институттың жетілдіру үрдісіне қуатты серпін беретін және қоғамда жанжалдарды барынша азайтудың нақты нәтижелеріне жеткізетінін айтты. Медиация жүргізуге тиісті даулардың (жанжалдар) санаттарын және қатысушыларды жобаны жүзеге асыру бойынша күш-жігерлерін біріктіруге шақырып, ол тек қана азаматтық істерді қарайтын ювеналды, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, аудандық және оларға теңестірілген соттарда жүзеге асырылатынын да атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысының қатысушысы кәсіби емес медиатор К.Мұстафаев өз сөзінде медиацияның мақсаты тараптар арасындағы қақтығысты реттеу және тараптардың өзара тиімді шешім қабылдауы болып табылатынын, сондықтан, медиатордың қоғамдағы рөлі оның өмірлік тәжірибесіне, білімі мен шешендік шеберлігіне байланысты екенін айтты. 

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі