Судья бітімгершілік рәсімдерді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру жөнінде сұхбат берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова «Қазақстан – Қызылорда» телеарнасының журналистеріне азаматтық іс жүргізуде бітімгершілік рәсімдерді енгізудің пилоттық жобасын іске асыру жөнінде сұхбат берді.

Судья С.Утегенова өз сөзінде дауды судьяның жәрдемдесуімен реттеу арқылы бітімгершілік рәсімдерді қолданудың аясын кеңейте отырып, болашақта судьялардың жүктемесін азайтуға және процеске қатысушылардың және соттың шығындарын үнемдеуге болатындығын атап көрсетті. Сондай-ақ, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу арқылы бітімгершілік рәсімдерін халыққа түсінікті етіп жеткізудің маңыздылығына тоқталды.

Сонымен қатар, соттың сот медиациясын қолдануға болатын істерді анықтап, олардың бітімгершілік рәсімдерді жүргізетін судьяға берудің тетіктері жасалғандығын сипаттап берді.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі