Сотта семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХатпен жіберуХатпен жіберуPDFPDF

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі М.Асанова кеңсе қызметкерлерінің қатысуымен «Атқару құжаттарын орындауға жолдау және олардың орындалуын бақылау» мәселелері бойынша семинар сабағын өткізді.

Семинар барысында Қызылорда облысы бойынша Әділет Департаментінің мемлекеттік сот орындаушыларына және Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданған атқару құжаттары бойынша туындаған мәселелер кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ кеңсе меңгерушісі М.Асанова атқару парақтарын жауапкердің тұрғылықты мекен-жайы бойынша жолдауда, шешімде көрсетілген соманы қатесіз көрсету және басқада бөліктерді қатесіз толтырудың маңыздылығын айтты.

Шара соңында М.Асанова талқыланған мәселелер бойынша қызметкерлер тарапынан қойылған сауалдарға жуап беріп, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар