Сотта брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы С.Сүлеймен жұртшылық арасында қоғамдық пікір туғызған іс бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.      

Брифингте есірткі затының сіріңке қорабын 2000 теңгеден сатқан сотталушының Т-ның үйін тінту барысында жуынатын бөлмеден аса ірі мөлшердегі есірткі заты (кептірілген марихуана) табылған қылмыстық іс бойынша төраға БАҚ өкілдерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

Сот үкімімен сотталушының мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.  

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі