Сот шешімін орындамағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық соты азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Азамат Қ. қалалық соттың кәмелетке толмаған екі баласына алимент өндіру туралы сот бұйрығын орындамаған. Борышкердің қарызы 2016 жылдың қазан айынан 2017 жылдан ақпан айына дейін 224 555 тенге құраған.

Сот отырысында кінәсін мойындап, жұмыссыздығына байланысты алимент төлей алмағанын көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Қ. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 669-бабындағы көрсетілген әрекеттерді жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 22 690  теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі