Сот қызметкерлері сенбілікте

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Наурыз – жыл басы. Қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғат-әлем көгеріп, көктейтін шақ.

Бүгін Қызылорда облыстық сотында сенбілік ұйымдастырылды.

Сот қызметкерлері сот  ғимаратының  ауласына тазалау жұмыстарын жүргізді. Олар  ғимарат аумағын сыпырып, қоқыстардан тазартты.

Әрбір адам айналадағы ортаны жақсарта түсуге, туған өлкемізді көгалдандырып, барынша таза ұстауға қолынан келгенше үлесін қосуы тиіс.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Сот қызметкерлері қардан кейінгі қалдықтарды тазалап, сот ғимаратының аумағын ретке келтірді, жол жиектері мен ағаштарды ақтады, бау бақшаларды, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.

Әділдікті ту еткен  сот  билігі сенбілікке  қашан да зор ынтамен қатысып, қаламыздың жылдан-жылға көркейіп келуіне үлесін қосып келеді.

Источник: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі