Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында «Шарайна-Сейхун» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сотының судьясы А.Жолдыбаев Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған А-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Іс құжаттарына сәйкес, Шиелі кенті Сейфуллин көшесі бойында аудандық АІІБ-ның полиция қызметкерлерімен жедел-профилактикалық іс шаралар жүргізу кезінде күдікті А. ұсталып, куәгерлердің қатысуымен жеке тінту барысында, одан салмағы 0,93 грамм есірткі зат – марихуанна табылған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Сот үкімімен А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 80 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Брифинг соңында судья А.Жолдыбаев журналистерді қызықтырған барлық сұрақтарға жауап берді.

Брифинг секілді іс-шаралардың сотпен жүйелі түрде ұйымдастырылуының нәтижесінде аудан тұрғындарын қоғам тарапынан қызығушылық туғызатын резонанстық істердің қаралу барысы мен нәтижесі туралы хабардар ететін БАҚ өкілдерімен тығыз байланыс орнатылуда.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі