Шиелі аудандық сотында брифинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында «Шарайна-Сейхун» газеті тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифингте аудандық соттың  судьясы А.Тубекбаева Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотталушы С-ның қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Сотталушы С., бөтеннің  мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен «150 дана қоқыс жәшіктерін әкеліп беремін деп» жәбірленушіден алаяқтық жолмен барлығы  1 897 500 теңге  көлемінде ақшасын алдап алып, өзінің міндеттеме бойынша міндетін орындамай   ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағында қаралған қылмыс жасаған.

Басты сот талқылауында сотталушы С-ның кінәсі өзінің мойындау жауабымен, жәбірленуші және куәлардың жауаптарымен және өзге де іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденді.

Сот үкімімен сотталушы  С., Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190 бабының 3-бөлігінің 1 тармағымен кінәлі деп танылып, оған жеке мүлкін тәркілеп 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленді.

Брифинг соңында баспасөз өкілі тараптарынан қылмыстық іс бойынша сауалдар қойып, сауалдарына нақты жауаптарын алды.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі