Рақымшылық заңын қолданып қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында сотталушы С-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы С. жасырын түрде жәбірленушінің үйінен алтындарын жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалаған. Нәтижесінде жәбірленушіге жалпы құны 179 180 теңге мүліктік шығын келтірген.

Соттың қаулысымен Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне жиырма бес жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы заңының 6-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы негізінде С-ға қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Жәбірленушінің азаматтық талабы қанағаттандырылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі