«Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында «Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту» тақырыбында дөңгелек  үстел өтті.

Дөңгелек үстелге №2 соттың төрағасы А.Әбу, судьялар, кеңсе меңгерушісі, Қызылорда ҚІІБ-ның айғақ заттарға жауапты маманы Ж.Қанибаев, жеке сот орындаушылар палатасының басшысы Н.Саймов, Қызылорда облысының әділет департаменті басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Ж.Абсат және Қазақстан-Қызылорда телерадиокомпаниясының тілшісі, сот қызметкерлері қатысты.

Шара барысында сөз алған судья Д.Алиев өз баяндамасында мемлекеттік тілдің - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын  жүргізу тілі екендігін, сонымен қатар, құжат айналымда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бағытында жұмыстар соттар тарапынан жанданып отқандығын, қазіргі уақытта, сотта іс құжаттарын мемлекеттік тілде жүргізілу көрсеткіші жүз пайызға жеткенін атап өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар іс шара соңында өзара пікір алмасты.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының №2 сотының баспасөз қызметі