Қызылорда облыстық сотында сот орындаушылардың қатысуымен семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасы жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы Сергей Лидің жүргізуімен «Сот және азаматтық салаларда кәсіптік жану синдромына байланысты кикілжіңдерді шешу және алдын алу» тақырыбында оқыту семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Азамат Жұмамұратов, республикалық палатасының  басқарма төрағасының орынбасарлары Ғизат Әбдрахманов, Дәурен Исмаилов, республикалық палата жанындағы оқу орталығы директорының орынбасары Тимур Данабаев, Қызылорда облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Нұрымжан Саймов және сот мамандары мен жеке сот орындаушылар қатысты.

Семинар-тренинг барысында ҚР жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының басқарма төрағасы С.Ли «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңына енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтыруларға түсіндірме беріп, өңірдегі жеке сот орындаушылардың жұмыстары және соттардың жұмысындағы енгізілген соңғы жаңалықтармен жете танысты.

Сонымен қатар, іс-шара аясында қатысушыларға эмоционалдық күю синдромы, эмоционалды күйзеліс синдромының салдары ретніде қақтығыс, сөйлеу шеберлігі дағдыларын дамыту, жанжалдарды бағындыру тақырыптарында сұрақтар қамтылып, психологиялық көмек көрсетілді.

Шара қорытындысымен қатысушыларға сертификат табысталды.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі