Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 10 наурызында Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды Қызылорда қаласының №2 сотының төрағасы А.Әбу қабылдады.

«Ашық есік күні» шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне сенімінің деңгейін көтеру, сот төрелігін қолжетімді ету мақсатында өткізіледі. Сонымен бірге, сот билігінің беделін, ашықтығы мен жариялығын арттыру, БАҚ өкілдерімен азаматтардың сауалдарына жауап беру болып табылады.

Іс-шараға Қызылорда қаласының тұрғыны С. келіп, өзінің толғандырып жүрген мәселелері бойынша сауалдарын қойды.

Атап айтқанда, азамат С. бұрын сотты болғанын, қазіргі уақытта мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққанын, сондықтан соттылықты мерзімінен бұрын жойып беру туралы өтініші барын айтып көрсетті.

Қабылдауда болған азаматтарға заң нормаларын  түсіндіріліп, сауалдарына жауап берді.      

Источник: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі