Қылмыстық іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шиелі аудандық сотында ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігімен айыпталған Е-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғаны, сотталушы Е. «Батыс Европа -Батыс Қытай» тас жолында орналасқан «Оқшы-ата» мешітінде, пітір-садақа салу үшін арнайы қойылған темірден жасалынған жәшіктің есігіндегі құлпын бұзу арқылы ашып 23 800 теңгені жасырын жымқырып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Сотталушы Е. мен жәбірленуші өкілі М. кәсіпқой емес медиатордың қатысуымен жасалған медиативтік келісімге келіп, қылмыстық істі тоқтату туралы тараптардың өтініштері жазбаша арызбен және медиативтік келісіммен рәсімделді.

Сот қаулысымен сотталушы Е., ҚР ҚК-нің 68-бабы 1-бөлігінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірісі тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі