«ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары арасында «ҚР Азаматтық процестік кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Сот төрағасы А.Дәуренбеков Азаматтық процестік кодекстегі заңнамалық өзгертулер Жоғарғы Сотпен Бүкіл Әлемдік Банктің халықаралық сарапшыларымен бірлесе отырып әзірленгенін айта отырып, сөз кезегін баяндамашы оқу бағдарламаларының үйлестіруші судья М.Сарсеновке берді.

Семинар барысында судья М.Сарсенов енгізілген өзгертулерге сәйкес жауапкерге немесе үшінші тұлғаға талап арыздың көшірмесін және оған тіркелген құжаттарды  табыстау немесе жолдау бойынша міндет сотқа жүктеледі, жауапкердің  талап арызға қарсылық білдіруді ұсыну мерзімі, талап арызды алған күннен бастап 10 күнге дейін жұмыс күні белгіленген, алғашқы тыңдау мерзімі сот талқылауына істі дайындау аяқталған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек екендігін айтып өтті.

Шара соңында семинарға қатысушылар өзара пікірлерімен алмасып, іс шараның маңыздылығын атап өтті.

Қайнар: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі