Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін әкімшілік ескерту жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот талқылауы барысында, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңының 20-бабына сәйкес, Арал аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлерімен құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасы толтырылып, ол бойынша құқық бұзушыға жанұя мүшелеріне қатысты қандай да бір жан немесе тән азабын келтіретіндей әрекеттер жасауға тыйым салынғаны анықталған.

Алайда, азамат Б. алкогольді масаң күйінде, өз үйінде жанжал шығарып, балағат сөздер айтып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасап, қорғау нұсқамасының талаптарын бұзған.

Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініп, туыстарынан кешірім сұрады.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 461 бабымен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік ескерту жасалды.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі