Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында құқық бұзушы  Ұ-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта, құқық бұзушы Ұ. Тереңөзек кенті Тоқтыбаев көшесінің бойына  коммуналдық қалдықтарды, яғни  қорасынан шыққан қоқысты белгіленбеген орынға төгіп, ортақ пайдалану орнын ластағаны анықталды.

Сот отырысында құқық бұзушы Ұ. өзінің кінәсін толығымен мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін білдірген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ұ Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434- бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, он айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 22 690 теңге айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, 15 883 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі