Әкімшілік іс сот өндірісінен тоқтатылып, уәкілетті орган қызметкерлеріне қатысты жекеше қаулы қабылданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Азамат Е. Шиелі кенті Жүргенов көшесі бойында масаң күйде қоғамдық имандылыққа және адамдық қадір-қасиетіне нұсқан келтіретіндей жағдайда, яғни масаң жүрген деген негізде Шиелі АІІБ-нің қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып,   сотқа жолданған.

Сотта азамат Е. Шиелі кенті Жүргенов көшесі бойында мас күйінде тұрған кезінде  полиция қызметкерлері келіп, алып кеткені, алайда оның қоғамдық имандылыққа және адамдық қадір қасиетіне нұсқан келтіретіндей әрекеттер жасамағаны  анықталды.

Азамат Е-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен қаралған іс әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылып, уәкілетті  орган  қызметкерлеріне  қатысты жекеше қаулы қабылданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шиелі аудандық сотының баспасөз қызметі