Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «Э» еншілес жаупкершілігі шектеулі серіктестігінен  жауапкер «О» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінен 92 701 теңге қарызды  өңдіру туралы талап арызымен сотқа жүгінген.

Іс құжаттарынан анықталғандай, талапкер мен жауапкер 2015 жылы тұрмыстық емес тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтау туралы келісім шартын жасаған. Шарттың 2 тармағына сәйкес, жеткізуші тұтынушыға электр беруші ұйымның қосылдырылған желісі арқылы электр энергиясын беруге, ал тұтынушы шартқа сәйкес тәртіпте және шарттарда қабылданған электр энергиясына ақы төлеуге міндеттенеді.

Алайда, жауапкер шарт бойынша өз міндеттемесін бүгінгі күнге дейін орындамаған.

ҚР АК-нің 272-273-баптарына сәйкес, міндеттеме - міндетеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.

Сот аталған істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарауды ұйғарып, талапты толығымен қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі