Қармақшы аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

10 наурыз 2017 жылы Қармақшы аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Л.Алибекова құқық қорғау органдары мен жергілікті уәкілетті мекемелер арасында  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттің өзекті міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында Л.Алибекова сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде белгіленгенін, осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу - өз құзыреті шеңберінде барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке тұлғалардың қызметі және парызы екендігін айтып жеткізді.

Дөңгелек үстел соңында қатысушы прокурор Р.Алатаев сыбайлас жемқорлық біздің еліміздің беделіне нұқсан келтіреді, сондықтан да сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жағдайын жасауымыз қажет деп атап өтті.

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі