Есірткі сақтап, сатамын деп 10 жылға сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 40 жастағы  сотталушы П-ға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасына Шиелі ауданының тұрғыны есірткі затын сіріңке қорабында 2000 теңгеге сатады деген ақпарат түскен. Ақпаратты тексеру барысында Шиелі ауданының тұрғыны сотталушы П-ның пәтеріне тінту жүргізу барысында жуынатын бөлменің ваннасының астынан аса ірі мөлшерде есірткі заты (1,320 грамм кептірілген марихуана) табылған.  

9 наурыз 2017 жылғы сот үкімімен сотталушы П. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды иемденіп, сақтап, тасымалдау) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын  қатаң  режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі