Дау медиациялық келісімге келу тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында талап қоюшы Н-ның жауапкер А-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.

Талап қоюшы Н. талап арызында, жауапкер А-дан 600 000 теңге көлемінде берешек қарызын өндіруді сұраған.

Сотта тараптармен кәсіби медиатормен бекітілген дауды реттеу жөніндегі медиативтік келісім ұсынылды.

Медиативтік келісімнің шарттары бойынша, жауапкер берешек қарызын 2017 жылдың наурыз айының 17-не дейін төлейтін болып, ал талап қоюшы өз кезегінде медиациялық келісім талаптарын қабылдап, істі қысқартуға келісімін берген.

Сот ұйғарымымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы тараптар арасында жасалған келісім бекітіліп,  азаматтық іс өндірістен қысқартылып, 6000 теңге көлемінде төленген мемлекеттік баж алымы талап қоюшыға қайтарылды.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі