Бөтеннің мүлкін ұрлауға оқталғандардың ісі өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Байқоңыр қалалық сотында сотталушылар С., Б., А-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушылар бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мақсатында көпқабатты тұрғын жайда орналасқан 1-ші қабаттағы дүкеннің терезесінен заңсыз кіріп, жәбірленушіге тиесілі мүліктерді жымқыруы кезінде полиция қызметкерлеріне ұсталған. Осылайша, қылмыскерлер жасауға тура бағытталған, тікелей пиғылмен жасалған әрекеттерін ақырына дейiн жеткiзе алмай, оқиға болған жерде қолға түскен.

Сот талқылауында жәбірленуші сотталушылармен медиатордың қатысуымен бітімге келгендерін, оларға кешірім беретіні білдіріп, істі тоқтатуды сұрады.

Сот қаулысымен сотталушылар С., Б., А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігіне сәйкес медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі