Балық аулау қағидасын бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. Кіші Арал теңізінің учаскесінде балық аулауға тыйым салынған аймақта, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің 27 ақпан 2015 жылғы № 18-04/148 санды бұйрығымен бекітілген балық аулау ережесін бұзып, полиомидтік моно талшықтан жасалған қытай ауларымен 9 кг көксерке балықтарын аулап жатқан жерінен ұсталып, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны анықталған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ш. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 31 766 теңге әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сондай-ақ, құқық бұзушыдан мемлекет пайдасына жануарлар дүниесіне келтірілген залал өндірілді.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі