Аудандық сотта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жалағаш аудандық  сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 ақпандағы № 49-VІ Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізу» тақырыбына дөңгелек үстел өтті.

Шараға аудандық сот төрағасы А.Мизанбаев, судья Т.Темірбаев, аудандық прокуратура, адвокатура, әділет басқармасы өкілдері және сот ұжымы қатысты.

Аталған іс-шара барысында аудандық соттың судьясы  Т.Темірбаев қолданысқа жаңадан енгізілген АПК-нің талаптарына сәйкес, судья талап арызды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жауапкерге және үшінші тұлғаларға талап арыздың және оған қоса берілген құжаттардың көшірмелерін жібереді не ұсынады, сондай-ақ дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде ұсынуды жауапкерге міндеттейтінін атап өтті.

Сондай-ақ  сот дәлелдерді негіздейтін дәлелдемелерді қоса тіркеп, талап қоюшы мәлімдеген талаптарға жазбаша пікірді белгіленген мерзімде жауапкерге беру керектігінде баяндап өтті.

Бұданда басқа заңдарға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты баяндалды.

Іс-шара соңында талқыланған тақырып бойынша пікір алмасты.

Источник: 
Жалағаш аудандық сотының баспасөз қызметі