Қызылордада ірі көлемде ұрлық фактісі бойынша үкім жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Қазалы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен айыпталған сотталушылар К., Е., К., А.–ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушылар Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Қазалы Локомотив жөндеу зауытының ауласында орналасқан темір вагон қоймасынан жалпы құны 3 541 859 теңге тұратын салмағы 307 кг. 12 дана олово түсті металын  адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша қоймаға заңсыз кіріп ірі мөлшерде жасырын жымқырған. Сөйтіп олар жәбірленушіге 3 541 859 теңге мүліктік зиян келтірген.            

Басты сот талқылауында сотталушылардың кінәсі өздерінің мойындау және жәбірленушілердің жауаптарымен және іс бойынша жинақталған өзге де құжаттармен толық дәлелденіп бекітілді.

Сот үкімімен сотталушылар К. мен А. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оларға 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза сол мерзімге шартты деп есептеліп, пробациялық бақылау белгіленді.

 Ал, сотталушы К. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес, түпкілікті меншігіндегі заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерінде өтеу белгіленді.

ҚК-нің 14-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушы К-ның қылмыс жасауы «қылмыстардың қайталануы» деп танылды.

Сотталушы Е. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен кінәлі  деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес, түпкілікті меншігіндегі заңсыз жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеп 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы Е-ның де қылмыс жасауы «қылмыстардың қайталануы» деп танылды.

Үкім жарияланған соң төрағалық етуші судья Қайыргелді Темірбаев БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.                                                                                                                

Қайнар: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар