Архив событий

02/08/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 15 жылдығын атап өтті

02/08/2017

Бүгін Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының құрылғанына 15 жыл толуына орай «Мамандандырылған экономикалық соттар: қалыптасу тарихы және дамуы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығы-басты мақсат

02/08/2017

Сот жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, тұрғындардың сотқа деген сенім деңгейін арттыру, БАҚ өкілдерін сот саласында жүргізіліп жатқан реформалармен дер кезінде таныстыру мақсатында Шиелі аудандық сотының төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз орталығында брифинг өткізді.

Брифингке Шиелі аудандық «Өскен өңір», «Шарайна-Сейхун» басылымдарының тілшілері, аудандық ішкі саясат, жер қатынастары бөлімінің мамандары қатысып, өздерінің сот жүйесіне қатысты туындаған сұрақтарына жауап алды.

Арызданушы сотқа жүгіну арқылы еңбек өтілі фактісін анықтады

02/08/2017

  Арал аудандық сотында азамат С-ның заңдық маңызы бар еңбек өтілі фактісін анықтау жөніндегі арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, арызданушы 1978 – 1987 жылдар аралығында Арал аудандық халықтық бақылау комитетінде жүргізуші болып жұмыс жасаған, алайда, қазіргі уақытта аталған ұйымның болмауы себепті, еңбек өтілін растайтын құжаттарды алуға мүмкіншілігі болмай, еңбек өтілі фактісін анықтау туралы талабымен сотқа жүгінген. 

Өзбекстан Республикасының 8 азаматы қөші-қон заңын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

02/08/2017

Қармақшы аудандық сотының мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517 бабының 2,5 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылыққа тартылған 8 Өзбекстан  Республикасының азаматтарының әкімшілік істері қаралды.

Қызылордада сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

02/08/2017

Қызылорда облысының Жаңақорған  аудандық сотында талапкер Ж.-ның  жауапкер «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ-ның 18 сәуір 2017 жылғы №09/10-229 бұйрығының күшін жойып, кадрлік іс-қағаздарын жүргізу маманы қызметіне қайта орналастыру және лажсыз бос жүрген уақыты үшін еңбекақысын өндіруді сұраған азаматтық ісі қаралды.

Ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекет жасаған

02/08/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Р. қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 434 бабының 1 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. Қызылорда қаласы, Сырдария мөлтек ауданында орналасқан үй жанында қағаз қалдығын жерге тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекет жасаған. Сол себептен Қызылорда ІІБ-ң полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.