Архив событий

29/08/2017

Судьяға алғыс білдірді

29/08/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы блогына Есмағанбетовтер отбасынан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Сабыровқа алғыс хат түсті.

Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

29/08/2017

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Шиелі аудандық соты "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалымен бірлесіп мерекелік шара өткізді.  

Іс-шараға аудандық сот судьялары мен қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиал төрағасы П.Маханбет, кент әкімі аппараты, аудандық мәдениет бөлімінің өкілдері қатысты.

Мерекелік шараны алғы сөзбен партия филиалының төрағасы П.Маханбет ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.  

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

29/08/2017

Шиелі аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Іс-шара барысында төраға м.а. Әлия Түбекбаеваның қабылдауында  көкейлерінде жүрген өзекті мәселеріне жауап алуға келген жергілікті тұрғындар болды. Сұрақтардың басым бөлігі меншік құқығы мен мүлікті тыйымнан босату тәртібін қамтыды.

Сот төрағасының м.а. Ә.Түбекбаева азаматтардың сұрақтарына нақты түсіндірмелер беріп, даулы мәселелерді медиация тәртібімен шешу мүмкіндігі жөнінде айтты.

Марихуана сақтағаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

29/08/2017

Қазалы аудандық сотында А-ға қатысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына қарағанда Қазалы станциясы темір жол вокзалының жанында  азамат А. ұсталып жеке қарау кезінде оның шалбарының қалтасынан жалпы салмағы 1,06 грамм болатын есірткі заты кептірілген марихуана табылған.

Басты сот талқылауында сотталушы А. тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Конституция күніне орай мерекелік жиын өткізілді

29/08/2017

Қызылорда облыстық сотында Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиын марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Сот төрелігін атқару барысында жоғарғы көрсеткіштері үшін, қызметтік міндеттерін мінсіз, әрі жауапты атқарғаны үшін Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары Ш.Қожантаев, К.Еспенбетова мен О.Абдукаликов, Алғыс хатымен сот маманы Д.Қамзаев марапатталды.

«Ашық есік күні» өткізіледі

29/08/2017

2017 жылдың 08 қыркүйегінде сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7242) 55-97-80 номеріне хабарласуына немесе Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29 мекен-жайынан ақпарат алуға болады.

Жеңіспен құттықтаймыз!

29/08/2017

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай соттар мен сот қызметкерлері арасында спорттан спартакиада өтті. Қызылорда қалалық сотының  қызметкерлері жеңіс тұғырынан  көрінді.

Атап айтқанда, Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы Ж.Байменова қыздар арасындағы шахматтан үшініші орын алды, аға сот приставы Е.Елубаев ұлдар арасындағы шахматтан екінші  орын алды.

Аудандық сот ұжымы «Мектепке жол» акциясына қатысты

29/08/2017

Қармақшы ауданы бойынша өткізіліп жатқан «Мектепке жол» акциясына аудандық соттың ұжымы да қатысып, Жосалы кентінде орналасқан №183 орта мектебінің 5 сынып оқушысына жаңа оқу жылына қажетті оқу құрал жабдықтары мен мектеп формасы алынып берілді, бүлдіршінге оқуда озат болуға тілектер білдірілді. 

«Қайырымдылық жасасаң қайырын өзің көресің» дей келе, аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы Л.Алибекова алдағы уақыттарда да осындай іс-шараларға ұжыммен бірге ат салысатынын атап өтті.

Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

29/08/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Қ» республикалық қоғамдық бірлестігі жауапкер «Ж» жеке кәсіпкерінен 399 320 теңге өңдіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде судья өткізуі мүмкін.

Жаңақорған аудандық сотында Конституция күніне арналған семинар өткізілді

29/08/2017

Жаңақорған аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мемлекеттік мерекесіне орай «Ата Заң – бірлік символы» атты семинар өткізді.

Аталған іс-шараға Жаңақорған ауданының «Нұр Отан» партиясы филиалының, прокуратура, әкімшілік өкілдері және кәсіптік емес медиаторлар  қатысты.

Көлікті жолдың қарсы бағытына шығып басқарған

29/08/2017

Арал аудандық сотында азамат К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы К. «Самара-Шымкент» тас жолында «ВИС 2346-1046» маркалы автокөлігін басқарып келе жатырып, жол жүрісі қағидасының 9.2 бөлігінің талаптарын сақтамай, жол бетіндегі үздіксіз сызықты басып, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған бөлігіне шығып басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған

29/08/2017

Жалағаш аудандық сотында  азамат Ғ-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот отырысында сотталушы Ғ-ның Жалағаш кентінде тұрғын үйде компьютерлердің процессорларына интернет желісінен ойындарды енгізіп, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны анықталды.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот үкімімен сотталушы Ғ. ҚР ҚК-нің 307-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылды.