Архив событий

14/08/2017

Қылмыстық сотта «Ашық есік күні» өткізіледі

14/08/2017

2017 жылы тамыз айының 17 жұлдызында сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізілетіндігі хабарланады.

Қосымша мәліметтерді 55-97-68 телефоны және 724-2060@sud.kz  электрондық почта арқылы алуға болады.

Сонымен қатар, сотта 55-97-68 сенім телефоны жұмыс жасайды.

Қызылорда қаласының №2 соты үшжақты Меморандумға қол қойды

14/08/2017

Қызылорда қаласының №2 соты, көлік прокуратурасы және Қызылорда стансасының Желілік ішкі істер бөлімі сот ісін жүргізудің ашықтығын, жеделдігін арттыру мен құжат айналымын қысқарту мақсатында үшжақты Меморандумға қол қойды.

Аталған Меморандум шеңберінде құқық қорғау органдары мен сот ынтымақтастықты үш тізбекті позицияларында жүргізуге келісті.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «дөңгелек үстел» өткізілді

14/08/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолдану барысында туындайтын мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Шараға сот төрағасы Қанатбек Абдуллаев, судья Қайратбек Бержанов, қалалық прокуратура, ювеналды полиция, қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі орган және «Сыр Ұландары» Қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуы бойынша тоқтатылды

14/08/2017

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен азамат Н-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. кафеде өзінің танысы К-мен алкоголь ішімдігін ішіп, одан кейін онымен сөзге келіп қалып, жұдырығымен оның бетінен ұрып, қоғамды анық құрметтемеушіліктен көрінетін, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, жәбірленушіге қарсы күш қолданумен ұштасқан бұзақылық жасаған.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы жалпы конкурс бойынша (C-R-5 санаты) әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі

14/08/2017

2017 жылдың 14 тамызында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің конкурстық комиссиясының бос және  уақытша  бос  әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға құжаттарды  қарау және әңгімелесуге жіберу жөніндегі отырысы өтті.

 Конкурстық комиссияның шешімі бойынша  әңгімелесуге жіберілген кандидаттар тізімі:

Жаңақорған аудандық соты үшжақты Меморандумға қол қойды

14/08/2017

Жаңақорған аудандық соты, көлік прокуратурасы және Қызылорда стансасындағы Желілік ішкі істер бөлімі сот ісін жүргізудің ашықтығын, жеделдігін арттыру мен құжат айналымын қысқарту мақсатында үшжақты Меморандумға қол қойды.

Шараға Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов, көлік прокуратурасының өкілі Т.Шуленбаев және Қызылорда стансасының Желілік ішкі істер бөлімінің өкілі Н.Қошқарбеков қатысты.

Талап қою мерзімі өтуіне байланысты берешек сома өндіруден бас тартылды

14/08/2017

«Finance» Арнайы қаржы компаниясы» ЖШС-і жауапкер Б-дан заем шарты бойынша берешекті өндіру туралы талап арызымен Қазалы аудандық сотына жүгінген.

Іс құжаттарына қарағанда  «Альянс Банк» АҚ мен жауапкер арасында жасалған банктік заем келісім шартына сәйкес, жауапкерге 36 айға сыйақы үстемесімен 600 000 тенге көлемінде қарыз берілген. Жауапкер қарызды сыйақысымен қоса уақтылы қайтару туралы міндеттемесін орындамай, нәтижесінде АҚ-ы алдында берешегі пайда болған.

Қызылорда қаласының №2 сотында брифинг өткізілді

14/08/2017

Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы К.Кусекеев сотта қаралған қылмыстық іс бойынша БАҚ өкіліне брифинг өткізді.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабының 2 бөлігінің 2 тармағымен сотталған азаматша  Г. бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында «Диагностикалық орталыққа» кіріп, сол жерде жұмыс жасайтын қызметкердің  кабинеттен шығып кеткендігіне көз жеткізіп,қызметкердің сөмкесінен ақшасын жымқырған. Осы тектес қылмыстарды бірнеше рет қайталаған.

«Ашық есік күні» өткізілетіні хабарланады

14/08/2017

Сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында 2017 жылдың 24 тамыз күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларды  сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты сұрақтарымен Шиелі аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы қабылдайды.