Архив событий

24/08/2017

Облыстық соттың судьясы Молдабек Ахметов көшпелі семинар-кеңес өткізді

24/08/2017

Қызылорда облыстық соты, Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты, Көлік прокуратурасы және Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бірлесіп «Көліктік бақылау органдарының құзырында қаралатын ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің тәртіптерімен заңдылықтарын сақтау» тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өткізді.

Судья әдебі жөніндегі комиссия төрағасы судьялармен кездесу өткізді

24/08/2017

Қызылорда облысы соттарының судья Әдебі жөніндегі комиссия төрағасы Айбек Әбу жас судьялармен кездесу өткізді.

Судьялармен әңгімелесу барысында Айбек Әбу, 2016 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы судьяларының VII-і съезінде қабылданған жаңа Судьялық әдеп Кодексі жайлы, судьялар лауазымына үміткерлерді іріктеу және қызметтегі судьяларға қойылатын талаптардың күшейтілгендігі туралы атап өтті.

Жаңақорған аудандық соттында татуласуға байланысты әкімшілік іс қысқарды

24/08/2017

Жаңақорған аудандық сотында азамат Ш-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, құқық бұзушы Ш. өзінің тұрғын үйінде, заңды некедегі жұбайы жәбірленуші К-мен араларында болған келіспеушілік барысында, оған былапыт сөздер айтып, сыйламаушылық білдіріп, тұрғын үйінің заттарын бүлдіріп, тыныштығын бұзған.

Сырдария аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді

24/08/2017

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов, кәсіби емес медиатор С.Еламанов және кеңсе қызметкерлері  қатысты.

Семинар барысында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша  пилоттық  жобасы  талқыланды.

Қармақшы аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім аясында тоқтатылды

24/08/2017

Қармақшы аудандық сотының өндірісіндегі азаматтық іс партисипативтік рәсіммен аяқталды.

Талап қоюшы А. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер К-дан ерлі зайыптылардың ортақ мүлкінен балалардың мүддесін ескере отырып үлесін анықтауды, өкіл жалдау шығынын, мемлекеттік баж алымын өндіруді сұрайтынын көрсеткен.

Сот отырысында тараптар және олардың өкілдері дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы жазбаша өтінішхат беріп, келісімге келген.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 68-бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды

24/08/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлігімен, сотталушы Л-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Л. пәтерінде болып, алкогольді мас күйінде өзінің іс-әрекетінің бақылаусыз екеніне көз жеткізіп, жәбірленуші П-ның құны 3500 теңге тұратын маркалы «Самсунг СМ-А510»  ұялы телефонды жасырын жымқырып кеткен.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының судьясы «Заңгер кеңесі» бағдарламасына қатысты

24/08/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қайратбек Бержанов «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Заңгер кеңесі» бағдарламасына қатысып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап берді.

Сұрақтардың басым бөлігі кәмелетке толмаған балалардың мәселесіне, ата-аналардың балаға қатысты міндеттері мен құқықтарына қатысты болды. Олардың ішінде әкелікті анықтау, ата-аналық құқығынан айыру, баласынан бөлек тұратын ата-ананың құқықтарын жүзеге асыру, ата-аналық құқытарын қалпына келтіру.

БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өтті

24/08/2017

Шиелі аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен азаматтық істерді қарау тәжірибесі»  тақырыбында брифинг өтті.

Брифингте Шиелі аудандық сотының судьясы  Г.Кұрманбай жергілікті «Шарайна сейхун» газетінің тілшісі Б.Маденовтың сұрақтарына жауап берді.

Судья өз сөзінде Азаматтық іс жүргізу кодексі бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен бұйрық арқылы іс жүргізу және оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен істер қаралатынын атап өтті.

«Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің өзекті талаптары мен нормаларын қолдану» тақырыбында тренинг өткізілді

24/08/2017

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінде Байқоңыр қалалық сотының төрағасы М.Тұрғанбаев, Байқоңыр қаласының прокуроры М.Ерназаров Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің жеке құрамының қатысуымен «Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің өзекті талаптары мен нормаларын меңгеру тақырыбында» тренинг өткізді.

Азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталды

24/08/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен баламен кездесу уақытын белгілеу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер В. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Л-дан кәмелетке  толмаған  балаларын өз тәрбиесіне  алып  беру  немесе олармен апта сайын  кездесу  уақытын  белгілеуді сұраған.

Істі қарау барысында талапкер мен жауапкер сотқа дауды медиация  тәртібімен  реттеу  туралы  өтінішхат  берді.