Архив событий

01/08/2017

Назарларыңызға! «Ашық есік күні» өткізілетінін хабарлаймыз

01/08/2017

2017 жылдың 03 тамызында сағат 16:00 мен 18:00 аралығында Қызылорда қаласының №2 сотында осы соттың төрағасы мен судьяларының қатысуымен кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетінін  хабарлаймыз.

«Ашық есік  күні» іс-шарасына кез-келген тілек білдіруші азаматтар қатысып  өзінің сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.

Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін және сот  төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділік деңгейін арттыру болып табылады.

 

Қылмыстық іс бойынша брифинг өтті

01/08/2017

Арал аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өтті. Брифингті Арал аудандық сотының судьясы Н.Бекетаев жүргізді.

Брифингке жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты және шара барысында судья Н.Бекетаев Қазақстан Республикасының ҚК-нің 296-бабының 3-бөлігімен қаралған А-ның қылмыстық теріс қылық туралы  ісі бойынша мәлімет берді.

Есірткі сатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды

01/08/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азамат Б-ның Қызылорда ҚІІБ-ның ЕБҚКБ-ның қызметкерлерімен жедел іс-шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізу мақсатында Т-ға 5000 теңгеге газет қиындысына оралған өзіне тән хош иісі бар кептірілген марихуана есірткі затын сатқаны анықталды.

Күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

01/08/2017

Арал аудандық сотының тергеу судьясы, санкцияланған «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасының мерзімін ұзарту жөніндегі Арал аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісінің өтінішін қанағаттандырды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. қылмыстық ізге түсу органымен ауыр санаттағы қылмыс жасағаны, яғни, аса ірі мөлшердегі есiрткi заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденгені, сақтағаны, тасымалдағаны үшін сезікті ретінде танылып, сот қаулысымен оған қатысты он тәулік мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Әкімшілік құқық бұзушыға айыппұл салынды

01/08/2017

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 281-бабының 5-бөлігінің 2 тармақшасымен азамат С-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқық бұзушы жеке кәсіпкер С. 2016 жылы бюджеттік мекемелерге Мемлекеттік сатып алу Заңы бойынша дизель отынымен қамтамасыз етуді жеңіп алып, алайда мұнай өнімдерін тасымалдау барысында дизель отынына ілеспе жүк құжаттарын рәсімдемей тасымалдаған.

Шиелі аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

01/08/2017

Шиелі аудандық сотында халыққа құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қол жетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

«Ашық есік күніне» келген аудан тұрғындарын сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Түбекбаева қабылдады.

Іс-шараға келген аудан тұрғыны С. ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу мәселесіне қатысты туындаған сауалдарын қойды.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды

01/08/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен кәмелетке толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кәмелетке толмаған сотталушы Б. өзінің танысы А-мен темір жол вокзалына келген кезде жәбірленуші А. сотталушы Б-ға өзінің жүктеріне қарап қоюын сұрап, асханаға кіріп кеткен.

Қызылорда қаласының № 2 сотында семинар сабағы өтті

01/08/2017

Қызылорда қаласының № 2 сотында кеңсе меңгерушісі мен сот мамандарының қатысуымен сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға  қауіптілігі  тақырыбында  семинар  сабағы өтті.

Семинар  барысында  сыбайлас жемқорлықпен күресу талқыланып, осы  тақырыпта  баяндама  тыңдалды.

Қазалы аудандық сотында «дөңгелек үстел» өтті

01/08/2017

Қазалы аудандық сотының ІІ – жартыжылдық жұмыс жоспарына сәйкес, «Сот органдарының заманауи ақпараттық технологиялары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Жетекші маман С.Сержанов қатысушыларға сот жұмысының ашықтығын және халыққа қолайлылықты арттыру шеңберінде «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жұмысымен таныстырып, Қазақстанның сот жүйесіне енгізілген заманауи технологиялары туралы  пікірлерін айтты.  

Әкімшілік қамаққа алынды

01/08/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  73-бабы 1-бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша  құқық бұзушы Е. жәбірленуші Б-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған.

Сот, құқық бұзушы Е-ні аталған баппен кінәлі деп танып, ол 1 тәулiк мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынды.