Архив событий

07/08/2017

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс бойынша (C-R-4 санаты) әңгімелесуге жіберілген үміткер

07/08/2017

 2017 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға үміткерлердің  құжаттарын  қарау және әңгімелесуге жіберу  жөніндегі  отырысы  өтті.

Конкурстық  комиссияның шешімі бойынша әңгімелесуге жіберілген үміткер:

Қазалы аудандық соты қылмыстық істі келісімдік іс жүргізу түрінде қарады

07/08/2017

Қазалы аудандық сотында А-ға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191- бабының 2- бөлігінің 1 -тармағымен  қылмыстық іс қаралды.

Іс құжаттары бойынша,  сотталушы А. жәбірленуші К-ны ұрып, оның өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған. Содан кейін жәбірленушіден  «Самсунг» маркалы  ұялы телефонын тартып алып, оқиға болған жерден қашып кетті.

Басты сот талқылауы барысында сотталушы А. өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындады.

Түнгі уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін айыппұлға жазаланды

07/08/2017

Арал аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 200 бабының 3 бөлігінде, мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге, этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзгендерге әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қармақшы аудандық соты брифинг өткізді

07/08/2017

Қармақшы аудандық сотында аудандық «Қармақшы таңы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында аудандық соттың судьясы Л.Алибекова ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен сотталған М-ға қатысты қаралған қылмыстық іске тоқталды.     

Сотталушы М., бөтеннің  мүлкін сенімді теріс пайдалану жолымен  жәбірленушіге алаяқтық жолмен барлығы  519 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтіріп, ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігінде қаралған қылмыс жасаған.

Алимент төлемегені үшін қамаққа алынды

07/08/2017

Жалағаш аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) құқық бұзушы Ш-ға қатысты әкімшілік істі қарады.         

Құқық бұзушы Ш. кәмелет жасқа толмаған баласын асырап бағу үшін алимент өндіру туралы сот шешімін ұзақ уақыт бойы орындамаған, алимент бойынша берешегі 1 398 190 теңгені құраған.