Архив событий

31/08/2017

Қызылорда облыстық сотында терроризм актісінің алдын алу мақсатында семинар өтті

31/08/2017

Қызылорда облыстық сотында «Террористік акті немесе дағдарыс жағдайлар орын алған жағдайда мекеме басшылардың және қызметкерлерінің алғашқы іс-әрекет алгоритімі» және «Жарылғыш заттардың түрлері, сипаты және жарылғыш заттар табылған кезінде қауіпсіздікті сақтау» тақырыптарында семинар сабағы өткізілді.

Банктік даулардың сотта қаралу тәжірибесі талқыланды

31/08/2017

Шиелі аудандық сотында судьялар арасында  «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөнінде сот практикасы» атты тақырыпта семинар өткізілді.

Іс-шарада  банктік қарыз шарттарынан туындайтын даулар жөніндегі азаматтық істердің соттылығы, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтау, қарыз сомаларын, шетел валютасымен берілген қарыз сомаларын, сыйақы сомасын өндіру және кепілдегі мүлікке өндіру жүргізу мәселелері талқыланды.

Жүргізушінің мұқиятсыздығы айыппұлға әкеліп соқтырды

31/08/2017

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т., «Mersedes-Bens» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жәбірленуші А-ға мүліктік залал келтірген. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Перронды ластағаны үшін айыппұл салынды

31/08/2017

Байқоңыр қалалық сотында  азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азаматша Ж. Төретам станциясының темір жол вокзалы перронында тартқан шылымының қалдығын жерге тастап, қоғамдық орынды ластаған.

Сот қаулысымен, азаматша Ж. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Қарыз сомасын өндіру туралы талап арыз оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

31/08/2017

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талапкер «Э» еншілес жаупкершілігі шектеулі серіктестігінен  жауапкер «У» жеке кәсіпкерінен 10 797 теңге қарызды өңдіру туралы азаматтық іс қаралды.

«Конституция-ұлтаралық ынтымақтастық негізі» атты кездесу өтті

31/08/2017

Жалағаш аудандық сотының қолдауымен аудандық архивте Қазақстан Республикасы Конституция Күніне арналған кездесу өтті.

Кездесуге аудандық соттың кеңсе меңгерушісі А.Алтынбаев, соттың бас маманы Б.Исағабылов, аудандық архив директоры Ж.Ибраев, архивисі Н.Құланбаева, инспектор А.Тиінов және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Еңбек саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/08/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында заңды тұлға Э. ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462 бабының 3 бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Қызылорда облысының еңбек саласындағы бақылау басқармасымен Қызылорда қаласы, Марғұлан көшесінде орналасқан жұмыс беруші Э. ЖШС-не ҚР Еңбек кодексінің талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарын орындалмағаны айқындалып, оларды жою жөнінде  нұсқама берілген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында семинар-кеңес өтті

31/08/2017

«Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен «Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.