Архив событий

16/08/2017

Талап қою мерзімінің өтіп кетуіне байланысты талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды

16/08/2017

Қармақшы аудандық сотында банктік займ шарты бойынша берешекті өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, «Альянс-Банк» АҚ-ы мен жауапкер О.-ның арасында несие шарты жасалған, оның талаптарына сәйкес, жауапкер О.-ға 250 000 тенге көлемінде несие берілген. Жауапкер аталған соманы келісім шартта көрсетілген мерзімде сыйақысымен кестеге сай төлеп отыруы тиіс болатын.

Алимент төлеуден жалтарған

16/08/2017

Жаңақорған аудандық сотында Қ-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Қ. Жаңақорған аудандық сотының 15.03.2004 жылғы сот бұйрығы негізінде жазылған өндіріп алушы Ж.-ның пайдасына алимент өндіру туралы атқару құжатын орындамай, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 669-бабында көзделген құқық бұзушылық әрекетін жасаған.

Сот отырысында азамат Қ-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындалды

16/08/2017

Байқоңыр қалалық сотында Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығын айырылған, алкогольдік, масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, бұрын Байқоңыр қаласындағы 26 әскери горнизондық сотымен 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан азамат Ж., алкогольдік ішімдік ішкен күйінде Байқоңыр қаласында Янгелямен Сейфуллин көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Сотпен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

16/08/2017

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608 бабының 6 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарынан белгілі болғандай, құқық бұзушы С. көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адам бола тұра, «Лада-21214» маркалы көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот ақтау үкімін шығарды

16/08/2017

Қазалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігімен азамат Қ.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотта азаматша Г. ауруханада қызметкерлердің көзінше былапыт сөздермен балағаттап, абыройы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсітіп, қорлағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған.

Сот отырысында сотталушының, жекеше айыптаушының, куәның жауаптары сараланып, іс материалдарында жиналған дәлелдемелерді зерделеп, сотталушы Қ-ның кінәсі өз дәлелдерін таппады.

Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының хаттамасынан үзінді (16.08.2017 ж.)

16/08/2017

Тапсырылған құжаттардың және өткізілген әңгімелесу нәтижесінің негізінде  Конкурстық комиссияның оң шешімін алған кандидаттар тізімі:

 

1).Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық  соты  кеңсесінің  жетекші маманы (С-R-5 санаты, 1 бірлік, уақытша  бос) лауазымына:

1. Таниязова  Шаттыккул Абсетеровна;

 

2). Қызылорда қалалық  соты  кеңсесінің сот  приставы (С-R-5 санаты, 1 бірлік) лауазымына:

1.  Ержанов Нұржан  Әлжаппарұлы;