Архив событий

18/08/2017

Бір күнде Жалағаш аудандық сотында 3 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

18/08/2017

Жалағаш аудандық сотында талап қоюшы А. жауапкер С-дан қарыз ақша өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс құжаттарымен анықталғандай, жауапкер С. талап қоюшы А-дан  қарызға ақша алып, қарызды уақытында қайтармаған.

Сот отырысында тараптар дауды медиациялық тәртіппен реттеу туралы келісімге келіп, соттан істі медиациялық келісімге келулеріне байланысты істі тоқтатуды сұраған.

Сот тараптардың медиациялық келісімге келуіне байланысты істі өндірістен қысқартты.

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

18/08/2017

Жаңақорған аудандық сотында «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында аудандық сот судьясы Б.Елшібеков Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен айыпталған У.-дың қылмыстық ісі бойынша ақпарат берді.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандар сотының ұжымы қайырымдылық шарасын өткізді

18/08/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұжымы «Мектепке апарар жол» атты қайырымдылық  акция шеңберінде № 11 мектеп-лицейінің 1 сыныптың 3 оқушысын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

Шара барысында судья Қайратбек Бержанов оқушыларға алғашқы оқу жылына сәттілік және зор денсаулық тілеп, мектеп құралдарын табыс етті.

Өз кезегінде ата-аналар жасалған қайырымдылық көмегі үшін сот ұжымына алғысын білдіріп, жемісті жұмыс тіледі.