Архив событий

08/08/2017

Жаңақорған аудандық сотында қылмыстық іс бойынша брифинг өткізілді

08/08/2017

Жаңақорған аудандық сотында өңірлік «Жаңақорған тынысы» аудандық газетінің тілшісі А.Жарықбаевтың қатысумен брифинг өткізілді.

Брифинг барысында Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Н.Қосанов Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен және 300-бабының 1-бөлігімен айыпталған сотталушы Н-ның қылмыстық ісі бойынша сұхбат берді.

Сотталушы Н. өзінің Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылындағы үйінің ауласындағы бақшалық жерге құрамында есірткі заты бар 12 түп өсіруге тиым салынған сора өсімдігін ірі мөлшерде егіп, өсіріп, қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

Экономикалық соттың судьялары сұхбат берді

08/08/2017

Қызылорда обласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары М.Сарсенов пен Н.Еламанов «Қоғам тв» телеарнасының тікелей эфирдегі «Мезгіл мәселесі» бағдарламасында мамандандырылған экономикалық соттың 15 жылда атқарған жұмыстары бойынша сұхбат берді.

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «дөңгелек үстел» өтті

08/08/2017

Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен аудандық Достық үйінде «Медиация ата-бабамыздан келе жатқан билер институтының жалғасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Жарас Жолдасов, аудандық прокуратураның аға прокуроры Нариман Танбаев, адвокат Қалдыгүл Жаппасбаева, аудандық ІІБ-нің өкілдері, ауданымыздың кәсіби емес медиаторлары, ауылдық ақсақалдар кеңестерінің төрағалары және бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты.

Қазалы аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізіледі

08/08/2017

2017 жылдың 11 тамызында сағат 10:00 мен 12:00 аралығында Қазалы аудандық  сотында «Ашық есік күні» өтеді. 

«Ашық есік күні» іс-шарасы халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін көтеру мақсатында өткізіледі.

Қосымша ақпараттар алу үшін (8724-38) 22-7-72 телефон номеріне хабарласуға болады. Біздің мекен-жайымыз: Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа көшесі 96-үй.

Медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан

08/08/2017

Арал аудандық сотында азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. бекітілген тәртіппен алкогольды масаю күйіне куәландырудан өту жөніндегі полиция қызметкерлерінің заңды талабын орындамаған.

Құқық бұзушының кінәсі іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауаптарымен дәлелденген.

Брифинг өткізілді

08/08/2017

Арал аудандық сотында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен брифинг өткізілді.

Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылды

08/08/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, А. автокөлігін М-32 тас жолының 1700 шақырымында алкогольдік масаң күйінде жүргізген.

Сот қаулысымен А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Жергілікті және оған теңестірілген аудандық соттардың сот приставтарының кәсіби даярлығын тексеру мақсатында сынақ алынды

08/08/2017

Қызылорда облыстық сотының бекітілген іс шара жоспарын орындау мақсатында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарының сот приставтарының кәсіби даярлығын тексеру үшін 100 метрге жүгіру, турникке тартылу, қолды бүгіп жазудан сынақ алынды.

Есірткі затын заңсыз сақтап бас бостандығынан айырылды

08/08/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы Г-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта, азаматша Г-ның есірткі затын өткізу мақсатында заңсыз сақтап, азамат Е-ге жалпы салмағы 4,26 грамм кептірілген марихуананы өткізгені анықталды.

Сот үкімі бойынша сотталушы Г. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айырылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты алимент төлеуден босату туралы талап арыз қанағаттандырылды

08/08/2017

Талапкер Н. сотқа талап арыз беріп, онда Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен өзінің  кәмелетке  толмаған балалары  А. мен П-ға қатысты ата-аналық құқығынан айырылғанын, сот шешімімен оларды асырап бағу үшін алимент өндірілгенін, алайда алимент төлеуге мүмкіншілігі, қазіргі таңда тұрақты мекен-жайы жоқ екенін, өзі облыстық психоневрологиялық диспансерінің есебінде тұратынын, мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алатынын көрсетті. Сондықтан өзін кәмелетке толмаған балалары А.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/08/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Ш. көпқабатты үйдің ауласына қоқыс тастап, қоғамдық орынды ластап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіретін іс-әрекет жасаған. Мұндай құқық бұзушылық үшін Қызылорда ІІБ-нің полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданған.