Архив событий

10/08/2017

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 349 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған

10/08/2017

Арал аудандық соты 2017 жылдың 7 айында қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды яғни, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабында көзделген ұсақ бұзақылық әрекеттерін жасаған 349 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Қызыл түсті жарығы бар аспаптар құрылғысын заңсыз орнатып автокөлік басқарған

10/08/2017

Қазалы  аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 603- бабының 1 -бөлігінде көзделген   құқық бұзушылықты жасаған азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Құқық бұзушы Р. Әйтеке би кентінде «Hyundai Santa Fe» маркалы автокөлігінің алдыңғы бөлігіне заңсыз қызыл түсті жарығы бар аспаптары құрылғысын орнатып басқарып, ҚР ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған.

Сотта азамат Р-ның әрекеті іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденді.

9 жылға бас бостандығынан айырылды

10/08/2017

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен айыпталған (адам өлтіру) 43 жастағы ер азаматқа қатысты айыптау үкімі жарияланды.

Сот мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арызды қанағаттандырды

10/08/2017

Шиелі аудандық сотында «Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының азамат С-ға алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы талап арыздары бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс партисипативтік рәсіммен аяқталды

10/08/2017

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіндегі азаматтық іс партисипативтік рәсіммен аяқталды

Талапкер М. сотқа талап арыз беріп, онда жауапкер Д. арасындағы некеден туылған кәмелетке толмаған екі баласының тұрғылықты жері әкесімен бірге деп белгілеуді сұрайтынын көрсетті.

Сот отырысында тараптар және олардың өкілдері дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы жазбаша өтінішхат беріп, келісімге келді.

Сот көлік салығын өндіру жөніндегі талап арызды қанағаттандырды

10/08/2017

Қазалы аудандық сотында талап қоюшы Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының жауапкер Т-дан салық берешегін өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы «Қазалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» талап арызында жауапкер Т-дан «Уаз 452 Д» маркалы автокөлігінің  салығы 33 914 теңгені өндіруді сұраған.