Архив событий

22/08/2017

Әкімшілік іс медиация тәртібінде қысқартылды

22/08/2017

Байқоңыр қалалық  сотында  ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша  азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сотта анықталғандай азамат К. алкогольдік масаң күйде, өзінің тұрғылықты үйінде себепсіз жанжал шығарып, өзінің келініне былапыт сөздер айтып, осы әрекетімен өзімен бірге тұратын отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.

Сырдария аудандық сотында «Ашық есік күні» өткізілді

22/08/2017

Сырдария аудандық сотында  тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар сот төрелігіне қолжетімділігін арттыру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.

Сырдария аудандық сотының төрағасы міндетін атқарушы Ж.Жолдасов Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылының тұрғыны азамат М.Құлахметовты  қабылдап, оның еңбек өтілі жөнінде туындаған сұрақтарын тындады.

Іс-шара барысында азамат М.Құлахметовке заң тұрғысынан жан-жақты  жауаптар  берілді.

Соттың шешімімен еңбек өтілі анықталды

22/08/2017

Қазалы аудандық сотында азамат А-ның еңбек өтілін анықтау жөніндегі заңды маңызы бар фактіні анықтауды сұраған арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Істің мәні бойынша, арыз беруші А.1992 жылдың желтоқсан айы мен 1993 жылдың наурыз айы аралығында Қазалы совхозында зоотехник болып жұмыс істеген.

Алайда, аталған колхоздың кеңсесі өртеніп, құжаттары толығымен жанып кетуіне байланысты, еңбек өтілін растауға өзге мүмкіншілік болмағандықтан, аталған жылдардағы еңбек өтілін анықтауды сұрап сотқа  жүгінген.

Былапыт сөздері үшін жауапкершілікке тартылды

22/08/2017

Арал аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. жолаушылар поездында алкогольді масаң күйінде, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзып былапыт сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сотта құқық бұзушы Т. кінәсін толық мойындап, аздап ішімдік ішкенін және алкогольді масаң күйде азаматтарға қарсы былапыт сөздер айтып, олардың мазаларын алғанын көрсеткен.

Сотта іс қағаздарын жүргізудің негізі

22/08/2017

Арал аудандық сотында сот қызметінде қолданылатын іс қағаздарын жүргізу нұсқаулығының және өзге де ережелердің талаптарын талқылау мақсатында семинар сабағы өткізілді.