Жүргізушінің мұқиятсыздығы айыппұлға әкеліп соқтырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арал аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т., «Mersedes-Bens» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген қағидаларын сақтамай, «ВАЗ-21213» маркалы автокөлігіне соқтығысып, жәбірленуші А-ға мүліктік залал келтірген. 

Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттары және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі