Жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 345-бабының 1-бөлігімен азаматша Н-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы Н. «Қазақстан Республикасындағы жол жүрісі» Қағидасының 14 бөлігінің 1 тармағында көрсетілген көлік құралының жүргізушісі өзінің жүру бағытындағы жолдың жүру бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі бойымен өтіп келе жатқан жаяу жүргіншелерге жол береді деген талабын бұзып, Жаңақорған кентінда орналасқан орталық саябақ жанындағы жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан жәбірленуші С-ны автокөлігімен қағып, жол көлік оқиғасын жасаған. Соның салдарынан жәбірленуші С. «орта» дәрежелі дене жарақатын алған.

Сотталушының қылмыстық теріс қылық әрекеті, сотта өзінің айыбын  мойындап берген жауабымен қатар, іс құжаттарымен толық дәлелденген.

Аудандық соттың үкімімен азаматша Н-ға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіште 68 070 теңге мөлшерінде айыппұлға жазаланды.

Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі